Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Талдықорғанда әкім орынбасарымен төбелескен шаруа ақыры сотталып тынды

KAZAKBOL.COM

Алмасбек Садырбаев. Фото: newtimes.kz

Бүгін Талдықорған соты қалалық әкімдікте болған төбелеске қатысты шешім шығарды. Оған сәйкес, жүнге субсидия сұрап барып, әкімнің орынбасарымен жаға жыртысқан шаруа енді бір жылын түрмеде өткізуі тиіс.

Өзін шенеуніктің құрбаны санайтын Алмасбек Садырбаев сот үкімін әділетсіздік деп отыр. Ал «одан таяқ жедім» деген Талдықорған әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаев болса, керісінше, ерекше көңілді. Сот оның сөзіне сеніп, шапалақ үшін шаруаны бір жылға соттады.

Шенеунік одан қалды моральдық шығын ретінде шаруадан 10 миллион теңге  көлемінде ақша сұратқан.

Алайда, шапалақ үшін бұл сома тым көп деп шешсе керек, сот тек 300 мың теңге айыппұлмен шектеді.

Ал төбелесті бастаған мен емес деген фермердің қолына тура сот залында кісен салдынды.

«Сот шешімімен мүлде келіспеймін. Әкімдік қызметкері болған соң ұтып тұр. Апелляцияға беремін, әділдік емес бұл!», — дейді сотталушы Алмасбек Садырбаев.

Кәсіпкер Алмасбек Садырбаев «Қала әкімінің орынбасары жүнге субсидия сұрағаным үшін тұмсығымды бұзды» деп әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Алайда, артынша Асқар Тұтыбаев та таяқ жедім деп бірден сотқа арызданған.

Кабинетте болған оқиғаға таспаға түспепті. Іске тек орынбасардың сөзі мен дәліздегі көріністер ғана дәйек болған.

nur.kz

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM