Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Талибан» Тәжікстанмен қарым-қатынасты жақсартуға дайын екенін мәлімдеді


«Талибан» қозғалысының жетекшілері Тәжікстанмен барлық келіспеушілікті саяси-дипломатиялық жолмен шешуге дайын екенін жеткізді. Тәжікстан билігі әзірге бұл мәлімдемеге жауап бермеді.

Тәліп үкіметінің мәдениет және ақпарат министрі Рухулла Умар Толо тв-ге берген сұқбатында Тәжікстанды «жақсы көрші» деп атады.

«Сыртқы істер министрлігі барлық елдермен байланыс орнатып жатыр. Біз бәрімен жақсы қарым-қатынаста болғымыз келеді. Тәжікстан билігімен барлық мәселе бойынша келіссөз жүргіземіз», — деді ол.

Ол сонымен бірге тәліп үкіметі Ауғанстан аймағын өзге елге шабуыл жасау үшін пайдалануға жол бермейтінін айтқан.

Рухулла Умардың мәлімдемесі Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен телефон арқылы сөйлесуінен кейін жарияланды. Эмомали Рахмон онда Ауғанстанмен диалог жүргізудің маңызды екенін атап өткен.

Озоди радиосының дереккөзінің мәліметінше, Тәжікстан билігі тәліптерге «Ансоруллах» содырлары Дарваз аумағынан кеткен кезде ғана, екі ел шекарасындағы Рузвай-Нусай көпірін ашамыз деп ескерткен.

«Талибан» қозғалысы Ауғанстан билігін басып алғаннан кейін, ресми Душанбе тәліптердің атына бірнеше рет сын айтқан. Ал тәліптер мұны ішкі ісімізге араласты деп бағалаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM