Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Талибан» Тәжікстаннан Ауғанстанның ішкі ісіне араласпауын сұрады

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанның тәліптер құрған үкімет төрағасының орынбасары Тәжікстанға Ауғанстанның ішкі ісіне араласпауын сұрап, әйтпесе «түрлі жағдайлар болуы мүмкін» деп ескертті.

Тәжікстан билігі бұл мәлімдемеге әзірге жауап берген жоқ. Бұның алдында тәжік президенті Эмомали Рахмон Тәжікстан Ауғанстанның ішкі ісіне араласпайды, алайда көрші елдегі жағдайды реттеу үшін инклюзив үкімет құрылуы керек деп мәлімдеген.

«Талибан» қозғалысы құраған үкімет төрағасының орынбасары Абдусалом Ханафидің 26 қыркүйекте «Әл Жазира» телеарнасына мәлімдеуінше, билік Тәжікстаннан Ауғанстанның ішкі ісіне араласпауын сұрайды. Ханафи Тәжікстанның нақтай қай ісіне араласқанын айтпады, дегенмен ол президент Рахмонның тәліптерді бірнеше мәрте сынағанын меңзесе керек.

Al Jazeera телеарнасына берген сұқбатында Ханафи Тәжікстанмен қарым-қатынасы жақсы болғанын қалайтынын айтты. «Бір елдің көршісінің ішкі ісіне араласуы ешкімге абырой әпермейді. Әрбір әрекеттің салдары болады. Әркім өз үйінде тәртіп орнатқаны дұрыс болар еді», — деп мәлімдеді ол.

Ауғанстанға көрші елдер тәліптермен байланыс орнатуға талпынып жатыр, тек Душанбе ғана Ауғанстандағы жаңа үкіметті мойындамайтынын ашық мәлімдеп жүр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM