Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Танымал заңгер депутаттардың жалақысы негізсіз өскеніне күйінді

KAZAKBOL.COM

Фото әлеуметтік желіден алынды

Белгілі заңгер Кәмшат Есмұхамбетқызы халық есебінен тегін баспана және көлікпен қамтылған депутаттардың жалақысының өскенін негізсіз деп есептейді. Ол ел сенімін ақтамай отырған парламенттегі халық қалаулыларын сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде жазып қалдырған жазбасында заңгер әдемі костюм киіп, мінбеден сөйлеген депутаттарға өз күйінішін жеткізді. Оның ойынша депутаттар «халық қалаулысы» деген ардақты есімге лайық емес.

«Құрметті, депутаттар! Cіздердің әдемі костюм киіп, мінбеге шығып ел алдында сөйлеп, үкімет тарапынан, халықтың төлеген салығынан, тегін үй және көлікпен қамтылғансыздар. Сіздерге төленетін жалақы да жоғары. Енді міне сол айлық жалақыңызға ай сайынғы үстемеақы қосылып отыр. Халық сіздерді бір ауыздан депутат етіп сайлады.

Әрине, мен өз кезегімде қалталарыңызды санап немесе қайда жұмсалып отырғанын айтып отырғаным жоқ. Алайда қарапайым халықтың бүгінгі жай-күйіне мән бермей, жандарыңыз неге ашымай отырғанына күйініп отырмын.

Таңнан кешке дейін бір нәрсені ғана қолдап, халық шулап қоя бергенде ғана, іске көшесіздер? Айтылған уәделер орындалмай жатады. Халық қалаулысы деген ардақты есімге лайықты болғандарыңызды қалаймын. «Депутатпын мен» деп шірену кімге керек? Бәрімізге мәлім заңнамада азаматтарымыздың құқығы бұзылып, кәмелет жасқа толмаған қыздардың зорланып жатқандығы жиілеп барады. Қарапайым халық мына сіздерден әділдік сұрап барудың орнына, заңгерлерден көмек сұрайды.

Көп балалы аналарға төленетін жәрдемақы сіздер алатын жалақының төрттен бір пайызын құрайды екен. Әр түрлі салада ерен еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан біздің қазыналы қарияларымыздың (көпшілігінің) санаторияға барып ем алмаса да, жай дем алғандарын көрдіңіздер ме?

Уәде етілген 10 сотық жер телімі қай қазаққа берілді? Халық сіздерге сенім артты.

Қарапайым халықтың жағдайы төмен бола, ақпарат деректерінде жазылған Сәпиевтің алатын 370 мың  жалақысына қуанамыз ба? Әлде Перуашов мырзаның 250 — 270 000 алатын ақысына мәз болайық па?

Әрбір қазақтың жанашыры, заңгері ретінде сіздерге қоятын сұрағым төмендегідей:

1. Неге қарапайым xалықтың құқығы заңнамаға сәйкес тең сақталмайды?

2. Неге қарапайым халықтың үкіметтен алатын жәрдемақысы, зейнетақысы, әрі жалақысының мөлшері төмен?

Халықтың мүддесі үшін тиісті шешімдерді уақытылы қабылдап, ел игілігі үшін нәтижелі қызмет атқаруыңызды талап етемін! Содан соң халық қалаулысы «роскошта» өмір сүрседе наразы болмас едім!», — деп жазады Кәмшат Есмұхамбетқызы.

Еске сала кетейік, бірінші наурыздан бастап еліміздегі депутаттардың жалақысы 30-50 пайыз аралығында көбейді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM