Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан Қытайда ұсталған қырғыздар жайында ақпаратты тексеріп жатыр

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан СІМ Қытайда ұсталған этникалық қырғыздар туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл жөнінде парламентте мекеме басшысы Шыңғыс Айдарбеков мәлімдеді. Бұл мәселе жабық есік жағдайында талқыланған.

Депутат Таабалды Тиллаев хабарлағандай, сыртқы істер министрі әзірге ұсталғандар туралы ақпарат расталмады деген.

«Қытай – жабық мемлекет. Туысқандық байланыс болғанымен, олар – Қытай азаматтары. Сондықтан біз этникалық қырғыздарға қиындық туғызбайтындай, абай болуымыз керек», – деді Тиллаев.

Оның әріптесі Ирина Карамушкина бүгінгі күні СІМ-ге Қырғызстанның төрт азаматы Қытайдағы туыстарына көмектесуін сұрап өтініш жасағанын айтты.

Жоғарғу Кеңештің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті 27 қарашада жабық есік жағдайында Қытайдың Синьцзян-Ұйғұр автономды ауданындағы этникалық қырғыздар жағдайын талқылаған.

26 қарашада Қытайдан көшіп келген оралмандар ондағы туыстарының жағдайына алаңдайтынын білдіріп, ел президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жазған. Олар «қайта тәрбиелеу лагерлерінен» туыстарын шығарып алуды сұрайды.

Синьцзянда «саяси лагерь» туралы 2017 жылдың сәуірінен бері айтылып келеді. Қытай билігі болса мұны оқу орталығы деп айтып келеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM