Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкент милициясы ондаған жігітті сақал-мұртын қыруға мәжбүрлеген

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандағы Янгийул қаласында ондаған ер азаматты милицияға шақыртып, сол жерде оларды сақал-мұртын қыруға мәжбүрлеген.

38 жастағы Икрам Холматовтың айтуынша, 22 қарашада оны қалалық ішкі істер бөліміне шақыртқан.

– Милиция қызметкерлері үйге келіп, мені із-түссіз жоғалған бір әйелдің ісі бойынша тергеуге алып кетті. Телефонымнан ештеңе таппаған олар мені суретке түсіре бастады. «Қырынбасаң сақал-мұртыңды өзіміз қырып береміз» деді. Мен бас тарттым. Әкем туралы сөз қозғаған соң, сақал-мұртымды қыруға мәжбүр болдым. Тағы да суретке түсірген соң мені босатты, — дейді Икрам Холматов.

Оны жергілікті милиция төрт айда екі мәрте ішкі істер бөліміне шақыртқан.

Янгийулдегі дереккөздің хабарлауынша, 22 қарашада ішкі істер органдары ондаған сақалды жігітті бөлімге алдырып, оларды да сақал-мұртын қыруға мәжбүрлеген.

Есімі мақалада аталуын қаламаған жергілікті бір белсендінің айтуынша, Ташкент облысында сақалдыларға қарсы рейдтер жиілеген. Бір айда қалада 22 жігіттің сақал-мұртын мәжбүрлеп қырғызды, дейді белсенді.

– Діндар жігіттердің ғана сақал-мұртын мәжбүрлеп қырғызады. Олар бұны жүйелі түрде істеп отыр. Мәжбүрлеу кеше ғана басталмағаны анық, – дейді жергілікті тұрғын.

Янгийул қалалық ішкі істер бөлімі діндарлардың сақал-мұртын мәжбүрлеп қырғызған дегенді жоққа шығаруға тырысты.

– Суретке түсіру кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер азаматтың сақалын дұрыстауды сұрауы мүмкін. Олардың сақал-мұртын қырғызуға ешкім мәжбүрлей алмайды, – дейді ішкі істер бөлімінің кезекші қызметкері.

Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы сақалдыларға қарсы жүргізілетін рейдт туралы ештеңе айтпады.

Бұған дейін Ташкенттегі «Малика» базарында сақалдыларға қарсы бірнеше рейд болғаны хабарланған. Сол кезде милицияның бұл әрекетін әлеуметтік желі қолданушылар сынаған.

Адам құқықтарын қорғаушылар сақал-мұртты мәжбүрлеп қырғызу әрекеттері діндарлардың наразылығын одан сайын күшейтеді деп есептейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM