Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте полиция тұрғын үйдің балконында ілулі тұрған Украина туын алып тастады

KAZAKBOL.COM

Ташкенттің Мирзо-Улугбек ауданы, «Новая Москва» тұрғын үй кешенінің 8-қабатындағы балконда ілулі тұрған Украина туын полиция қызметкерлері алып тастады.

Пәтер иесі Режеп Латипов БАҚ өкілдеріне оқиғаның 24 мамырда қалай болғанын айтып берді. Ол бұл уақытта үйде ешкім болмағанын, отбасымен Түркияда жүргенін жеткізді.

Оған полиция қызметкерлері қоңырау шалған.

«Ол қылмыстық іздестіру бөлімшесінен, Мұратпын деп таныстырып, Украина туы ілулі тұрған пәтер сізге тиесілі ме деп сұрады. Сосын ол бізден украин азаматысыз ба деп сұрады. Мен «жоқ» деп жауап бердім», – дейді.

51 жастағы Латипов Украинада туылғанын, бірақ қазір Өзбекстанда тұрып, жұмыс істеп жатқанын айтады. Оған украин туын Киевтен келген достары сыйлаған екен. Ол тудың былтыр наурыз айынан бері ілулі тұрғанын, оған дейін ешкім ештеңе демегенін айтады. Бұл оқиға Өзбекстанның желі қолданушыларының сынына қалды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM