Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте прокурордың көмекшісі 50 мың доллар пара алып жатқан кезде ұсталған

KAZAKBOL.COM

Азаттықтың өзбек қызметінің дереккөзі Ташкент қаласы Учтеп ауданы прокурорының көмекшісі А.К. 50 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұсталғанын мәлімдеді.

Оқиға 29 сәуірде болған. Өзбекстанның бас прокуратурасы бұл ақпаратты растамады, терістемеді де. Баспасөз қызметінің басшысы Хаёт Шамсутдинов «мұндай ақпаратты естімегенін» айтты.

Дереккөздің айтуынша, прокурордың көмекшісін ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдері жүзеге асырған.

«Бетон зауытымен қатысы бар кәсіпкер арнайы қызметке Учтеп ауданы прокуроры пара сұрап жатыр деп хабарлаған. Түс уақытында прокурордың көмекшісі ақшаны алуға барған кезде ұсталды», — деді дереккөз. Көмекші қазір тергеу изоляторында отыр. Ал прокурордың орынбасары Икбол Султановты тергеуге алып, «жоғарғы жақтан» қоңырау шалынғаннан кейін босатқан.

Учтеп ауданының прокуроры Алишер Караев бұл қызметке 2019 жылдың желтоқсан айында тағайындалған.

Дереккөз мәліметінше, Алишер Караев президент әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновтің жақын туысы болып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM