Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте Ресейде тыйым салынған «Финист Ясный Сокол» пьесасы сахналанды

KAZAKBOL.COM

Ташкенттегі «Илхом» театрында «Финист Ясный Сокол» спектаклі қойылды. Ресейде шығарма авторлары «терроризмді ақтаған» деген айыппен абақтыда отыр.

«Финист Ясный Сокол» – «Ислам мемлекеті» террористік ұйымның содырларының біріне тұрмысқа шығып, олармен бірге Сирияға кеткен орыс әйелдерінің өмірі баяндалады. Ресейде бұл қойылымға тыйым салынған.

5 мамырда Мәскеудің аудандық соты драматург Светлана Петрийчукты, спектакль режиссері Евгения Берковичті «терроризмді ақтау» ісінің негізінде екі айға қамауға алған.

Ташкенттегі «Ильхом» театры директоры Максим Фадеев бұл спектакльді Светлана Петрийчук пен Евгения Берковичке тілектес ретінде қойғанын айтты.

– “Алтын маска” сыйлығын алған екі жас талантты қыз – Света Петрийчук пен Женя Беркович спектакль үшін терроризмді ақтады деп айыпталып, қамалғанына таң қалдым. Терроризм және бұл екі қыз – екі басқа дүние, бір-біріне сәйкес келмейді. Былайша айтқанда, бұл адамгершілікке тән емес», — деді Фадеев.

Пьесаны оқу – театралдық спектакльдің бір түрі. Сахнада декорация жоқ, актерлар өз рөліне сай киінбейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM