Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Таулы Қарабақтағы атыс: Екі тарап бірін-бірі кінәлады

KAZAKBOL.COM

Жексенбі күні Әзербайжан әскері мен өз-өзін жариялаған Таулы Қарабақ республикасы полициясы арасындағы атыста екі тараптан да бірнеше адам өлген.

Әзербайжандар мен армяндар бұл атыс туралы екі түрлі ақпарат таратып отыр.

Мойындалмаған республика билігі жексенбі күні Степанакертке (Ханкенді) таяу тұста әзербайжанның диверсия тобы жергілікті полиция көлігіне шабуыл жасап, үш полицейді өлтіріп, біреуін жаралады деп хабарлады.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі мен сыртқы істер министрлігі Армениядан Таулы Қарабаққа бара жатқан автокөлікте сепаратистерге арналған оқ-дәрі болған дейді. Көлікті тоқтатып, тексермек болған Әзербайжанның екі жауынгері өлген. Атыс содан басталған.

Баку «Армения 2020 жылғы бітім шартын бұзды. Бұл бітім бойынша Армениядан Таулы Қарабаққа жеткізілетін жүк тек Лачин дәлізі арқылы жүруге тиіс. Ал армяндар оған мойынсұнғысы келмейді» деп есептейді. Алайда өздерін экологтармыз деп атайтын әзербайжан белсенділерінің қарсылығына байланысты Лачин тасжолымен жүру екі айдан бері қиындап кеткен.

Өз-өзін тәуелсіз деп жариялап алған Таулы Қарабақ республикасының билігі автомобильде оқ-дәрі болмағанын және ол Армениядан емес, керісінше, Степанакерттен шыққанын айтып отыр.

Оқиға қалай болғанын бейтарап баяндайтын ақпарат жоқ.

Кейбір хабарларға қарағанда, атыс Ресей бітімгершілік күштерінің жауапкершілігіндегі жерде болған. Бұл күш 2020 жылғы күздегі 44 күндік соғыстың соңында енгізілген. Осы соғыста Әзербайжан Таулы Қарабақтағы өз жерін қайтарып алған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM