Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Tenge Oil & Gas компаниясының жүз шақты мұнайшысы үш аптадан бері ереуілдеп тұр

KAZAKBOL.COM

Маңғыстау облысындағы Теңге мұнай-газ кенін өндіруші Tenge Oil & Gas компаниясының жүз шақты жұмысшысы ереуіл бастағанына үш аптаға жуықтады.

Олар кәсіпорын директорын, оның орынбасары мен қаржы директорын жұмыстан шығаруды, сонымен бірге айлықты «Өзенмұнайгаз» компаниясы жұмысшыларының жалақысына теңестіруді талап етті. Бұған қоса, ереуілдегілер жұмысшыларға сыйақы тағайындауды, өндіріс зиянын өтеуді, жұмыс уақытысынан тыс еңбекке ақы төлеуді, он үшінші жалақы тағайындауды, тамақ пен тазалық сапасын арттыруды сұрады.

Жұмысшылар барлығы 14 талап қойды. Ереуілдегілердің айтуынша, компания ай сайын алты жарым мыңнан тоғыс мың тоннаға дейін мұнай өндіреді, мұндай көрсеткіш жұмысшылар талабын орындауға жетуі тиіс.

Олар компания басшылығына ұжым арызын 18 сәуірде өткізген, алайда жұмыс беруші талаптарды орындаудан бас тартып, келісім комиссиясын құруға келіспеді. 28 сәуірде жұмысшылар арыз-талаптарын бейнеүндеуге жазып, оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен әкімі Айбек Қосауовқа жолдады.

11 мамырда ереуілдегілер тағы бір бейнеүндеу жариялады. Бұл жолы олар еңбек инспекциясының әрекетсіздігін сынап, президенттен араша түсуін, парламент депутаттарынан мұнайшылармен кездесуге келусін сұрады.

«Қазір 90-ға жуық жұмысшы ереуілдеп тұр. Кәсіпорында барлығы 150 адам жұмыс істейді, солардың 110-ы — жұмысшы. Кәсіпорын жұмысты толық тоқтатты», — деді 17 мамырда оператор болып істейтін Сәбит Истурнов. Оның айтуынша, компания басшылығы айлықсыз демалысқа кеткен.

Tenge Oil & Gas компаниясының бас директоры Қайрош Айтжанов шамамен 150 жұмысшының жартысы айлықсыз демалыста екенін Азаттыққа растады. Айтжановтың айтуынша, кәсіпорын бір тамшы да мұнай өндіріп жатқан жоқ, өйткені жұмысшылар 11 мамырдан бері ереуілде тұр. Tenge Oil & Gas орташа кәсіпорын болғандықтан «Өзенмұнайгаз» деңгейінде жалақы төлей алмайды, дейді ол.

Маңғыстау облысында биыл айлықты көтеру, жұмыс орындарын ашу талаптары қойылған ереуілдер жиі болып жатыр. 18 сәуірде Жаңаөзенде «КЕЗБИ» компаниясының жұмысшылары ереуіл бастаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM