Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте «Қорғау» бағдарламасы жол ережесін бұзған шетелдік нөмірлі 218 көлікті анықтады

KAZAKBOL.COM

Бұл көліктер жалпы сомасы 16,5 млн теңгеге 979 жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша тіркелген.

Мәселен, тәртіп сақшылары көшелерді патрульдеу кезінде «Қорғау» қосымшасы арқылы сақтандыру құжатынсыз жақын маңда келе жатқан «Daewoo Nexia» машинасы туралы сигнал алады. Сонымен қатар, бағдарлама шетелдік нөмірі бар көліктің алдыңғы бұзушылықтары үшін төленбеген айыппұлдары бар екенін көрсетті. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған көлікті тоқтатып, жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігімен хаттама толтырды. Ал автокөлігі айыптұрағына орналастырылды.

Айта кететін ақпарат «Қорғаудың» көмегімен патрульдік полицейлер оны қолданысқа енгізген сәттен бастап мегаполис жолдарында 3945 құқық бұзушылық жасаған 890 автокөлікті анықтады.

Аталған құқық бұзушылықтардан басқа, бағдарлама полицейлерді жалған нөмірлері бар, техникалық байқаудан өтпеген, 10 минут ішінде екі рет ЖҚЕ бұзған көлік құралдары туралы хабардар етеді, сондай-ақ іздеуде жүрген автомобильдерді анықтайды. «Қорғау» қосымшасы ең алдымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM