Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тілеуберді Блинкенге: Ресейден қауіп көріп тұрған жоқпыз

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Ресейден қауіп көріп тұрған жоқ. 28 ақпанда Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен бірге өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді осылай деп мәлімдеді.

«Қазіргі кезде ресейлік тараптан қауіп-қатер көріп тұрған жоқпыз. Қазақстан Ресеймен шектесетін немесе осы аймақтағы өзге елдермен бірге Еуразия экономика одағына, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға, ТМД-ға мүше. Сондықтан осындай көпжақты құрылымдар аясында Ресеймен альянс ретінде қатынастамыз» деді журналистердің сұрағына жауап берген Тілеуберді. Оған «Украинада болып жатқан соғысқа байланысты экономика ғана емес, қауіпсіздік жағынан қандай да бір қауіп-қатерді сезінесіз бе?» деген сұрақ қойылған еді.

Бұл сұраққа жауап бермей тұрып, Қазақстан сыртқы істер министрі «Қазақстанның Ресеймен және Украинамен тарихи тамыры бар» деп мәлімдеген еді. Ол «жағдай тұтас біз үшін, экономикамыз үшін ауыр және санкцияның қандай да бір салдарынан аулақ болуға тырысып жатырмыз» деді.

«Біз сонымен бірге ресейлік немесе қандай да бір шетелдік компаниялардың санкцияны айналып өту мүмкіндіктерінен аулақ болуға тырысамыз» деді Тілеуберді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 28 ақпанда Астанаға сапары барысында АҚШ Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайды деп мәлімдеді. Reuters-тің жазуынша, Блинкен бір жылдан астам уақыттан бері жалғасып жатқан Ресейдің көрші Украинаға басқыншылығын меңзеген.

С5+1 саммиті аясында Орталық Азияның бес мемлекетінің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысқан АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Орталық Азияға Ресейге тәуелділігін әлсірету үшін 25 млн доллар көлемінде көмек беретінін айтты.

Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде Блинкен Қытай Ресейге әскери көмек берсе, салдары ауыр болатынын айтып, тағы ескерту жасады.

«Қытай екі орындықта қатар отыра алмайды… Бір жағынан, соғысты бейбіт реттеу бойынша ұсыныстар айтып, екінші жағынан, Ресей тұтатқан отқа май құюға болмайды» деді ол.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Астанаға 28 ақпанға қараған түні келді. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, С5+1 форматы аясында Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесуге қатысты. 28 ақпанда кештетіп АҚШ мемлекеттік хатшысы Өзбекстанға ұшып кетті. Одан әрі «G20» саммитіне қатысу үшін Үндістанға барады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM