Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Трамп: «Мұндайды ешбір президент басынан өткізбеді»

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Сенатта өзіне импичмент жариялау бойынша дауыс берудің қорытындысына пікір білдірді. Сенаторлардың басым бөлігі президентті қызметінен аластатуға қарсы дауыс берді.

Ақ үйде жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде Трамп өзіне қарсы импичмент процесін «жауыздық» және «лас полиция өкілдерінің», «өтірікшілердің» және «өсекшілердің» әрекеті деп атады. Трамптың сөзінше, импичмент туралы іс жүріп жатқанда, «ешбір президент басынан өткізбеген жағдайды кешуіне тура келген». «Біз тозақтан өттік» — деген Трамп Украинаға қатысты, өзінің қарсыласы Джо Байденге қатысты ешқандай заң бұзушылық жасамағанын атап өтті.

Трамп республикашыл «достарын» қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.

Ол импичмент бастамасын көтерген демократтардан басқа Федералды барлау бюросының бұрынғы басшысы Джеймс Комиді сынға алды. Ол сонымен бірге импичментті қолдап дауыс берген жалғыз сенатор Митт Ромнидің әрекетіне өкінетінін де жеткізді.

Президент Ақ үйге келген үш жыл бойында өзіне қарсы жұмыс істеді деп демократтарды айыптады.

Демократтар Трампты Конгресс жұмысына кедергі келтірді және қызметін асыра пайдаланды деп айыптады. Сенаторлар бұл іс бойынша басым дауыспен Трампты ақтап алды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM