Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Трамп әскерге Мексика шекарасындағы мигранттарды атуға рұқсат берді

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамп әскерге Мексикамен шекарада Орталық Америкадан келген мигранттарға қажет болған жағдайда оқ атуға рұқсат берді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Трамптың айтуынша, мигранттар арасында жүздеген қылмыскер бар, сол себепті оның «бұдан басқа амалы қалмаған». Дегенмен президент мигранттарға оқ атудың қажеті болмас деген үмітін жасырмады. Ақ Үй басшысы АҚШ-тың Мексикамен шекарасын жауып тастауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Осы аптада АҚШ қорғаныс министрлігі кеден қызметкерлеріне немесе шекара күзетшілерінің өміріне қауіп төнсе және тәртіпсіздік болған жағдайда мигранттарға қарсы қару қолдануға, оларды ұстауға рұқсат берген еді. Америкалық заңдар бейбіт уақытта әскерге полиция уәкілеттерін беруге тыйым салады.

Құрама Штаттардың оңтүстік шекарасына Латын Америкасынан шыққан мигранттардың көші жақындап келеді. Олар босқын мәртебесін сұрауды көздеген. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл көште «баскесерлер» бар дегенді бірнеше мәрте айтқан. Шекараға алты мыңға жуық америкалық жауынгер жіберілген.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM