Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Трамп БҰҰ-да Иран, Венесуэла, Ресей, Солтүстік Корея жайында не айтты? (видео)

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Дональд Трамп 25 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында 120 елдің басшысына үндеу жасады. Оның басты қозғаған тақырыбы Солтүстік Корея, Иран және Венесуэлаға қатысты болды.

Трамп қазіргі өмірді миграциялық саясат пен құндылықтарды бақылауға тырысатын социализм мен «әлемдік үкіметке» «жоқ» деп шешіммен айтты.

«Настоящее Время» телеканалы Трамптың сөйлеген сөздерінен онлайн-трансляция жасады.

КХДР:

Трамп былтыр БҰҰ-да Солтүстік Кореядағы ядролық қарусыздандыру жайында айтқанын еске алды (ол сол кезде КХДР лидері Ким Чен Ынды «кішкентай зымыраншы» деп атаған). Оның сөзінше, былтырдан бері өзі көтерген мәселеде айтарлықтай жетістік болған.

«КХДР бейбітшілікке қарай жылжып келеді. Зымырандары әр бағытқа ұшпайды, ядролық сынықтары тоқтады, америкалықтарды кепілдіктен босатты. Мен Ким Чен Ынға батырлығы үшін алғысымды жеткізгім келеді, – деп атап өтті Трамп. – Бірақ КХДР-ға қатысты санкция толық ядролық қарудан бас тартпайынша, қала береді».
Иран:

Трамп «көптеген елдер» Иранмен ядролық келісімнен шығуын қолдады деді. Бүгін Иранды «жемқорлыққа батқан диктаторлардың қатаң режимі басқарып келеді» деді.

«Олар көршілерін құрметтемейді, – деп Израильді нұсқады. – Біз Израильді жойып жібереміз деп қорқытып, «Америкаға өлім!» деп ұрандайтын режимге мүмкіндік бермейміз. Иран халқы мемлекет ақшасының әскер енгізуге жұмсалатынына наразы. Қазір Иранның әскери бюджеті ЖІӨ-нің 40 пайызын құрайды және бұл ақша Сирия мен Йемендегі терроризмді қолдау үшін жұмсалады.

Трамп Иранның қазіргі басшылығына қатысты өзінің сүйікті «Not Good!» сөзін айтты. Ол АҚШ 5 қарашада Иранға қатысты жаңа санкциялар енгізетінін әрі бұл соңғы болмайтынын ескертті. Ол әсіресе иран мұнайын сатып алатын елдерге қарсы «қатаң әрекет» ететінін айтты.
Венесуэла:

Трамп Венесуэла тақырыбын да бөлек көтеріп, «екі миллион халықтың трагедиясы» деп атады. Ол Венесуэла президенті Мадуро режиімінің «Кубада қолдауы бар» деп, социалистік үкіметі елді күйретті деді.

«Венесуэла кезінде бай ұлт болған. Бірақ социализм әркезде құлдырауға, коррупцияға әкеледі. Барлық әлемдегі елдер социализмге қарсы тұру керек»,- деді АҚШ лидері.

Ол Венесуэлада Мадуро режимі күйреткен демократияны қайта орнату керек деп АҚШ Венесуэла президентіне және айналасындағы адамдарға қарсы санкция енгізетінін ескертті.
Әлемдік үкімет:

АҚШ президенті социализмнен басқа «әлемдік үкімет» жайында айтты. Ол әлемдегі әр мемлекет қандай бағытта өмір сүргілері келеді, өздері шешуі керек деп мәлімдеді. Бұл мәселелеге не БҰҰ, не ДСҰ және басқа да халықаралық ұйымдар араласпауы керек дейді.

«Америка әрқашан әлемдік үкімет алдында тәуелсіздікті таңдайды. Біз өзге елдерге қандай құдайға сыйыну керектігін, қандай дәстүрмен өмір сүру керектігін айтпаймыз. Біз өзіміздің тәуелсіздікті құрметтейміз», –деді ол.

Атап айтқанда, ол АҚШ басқарусыз миграциядан шекарасын қорғап жатқанын құрметтеуді талап етті.

«Миграция ғаламдық күшпен басқарылмау керек. Сол үшін біз миграцияға қатысты әлемдік келісімге қатыспаймыз», – деп атап өтті ол.

«Сонымен бірге біз әрбір мемлекет астанасы қайда орналасуын өздері шешу керек деп есептейміз», – деді Трамп.

Ол ДСҰ-ны (Дүниежүзілік сауда ұйымы) «ұстанымдарын бұзып отыр, әсіресе Қытай қосылғалы бері демпингті қолдап келеді» деп сынға алды. Ал ОПЕК мұнайдың жоғарғы бағасын қолдап, әлемнің дал-дұлын шығарды деді.

«Біз АҚШ-та жеке энергетикалық қауіпсіздігімізге сенеміз», – деп атап өтті.

Трамп АҚШ БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шыққанын еске салды. Себебі бұл кеңес адам құқықтарын бұзып жатқан елдерді қорғайды деді.

«Халықаралық қылмыстық сотқа қатысты, бұл әділетті соттың барлық ұстанымдарын бұзады. Біз әлемдік бюрократияға бағынбаймыз. Біз ғаламдық тұжырымдаманы терістейміз», –деп мәлімдеді ол.
Ресей:

Трамп мәлімдемесінде Ресей жөнінде энергетикалық қауіпсіздікке қатысты айтқанда ғана атап өтті. Ол Ресейдің мұнайы мен газына тәуелді болмас үшін, сатып алуды диверсификациялағаны үшін Польшаны мақтады.

Трамп Сирия жайында айтқанда бірде-бір рет «Ресей» деген және «Ресейдің Асад режиміне көмектесуі» жөнінде айтпады. Бірақ ол «Ислам мемлекеті» террористік ұйымын Сирия және Ирак аумағынан ығыстыру Ресейдің емес, халықаралық коалицияның еңбегі деді.

«Сириядағы трагедия менің жүрегімді жаралайды», – деп атап өтті Трамп.

*****

26 қыркүйекте Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық қару тақырыбына қатысты арнайы сессиясына төрағалық етеді. Сарапшылар АҚШ президенті бұл жолы «Ресей тақырыбын» қозғайтынына күмән келтірмейді. Айтап айтқанда, Ұлыбритания аумағында Сергей және Юлия Скрипальдардың Ресей арнайы қызметі өкілдерінің улағанын көтереді дейді.

БҰҰ Бас ассамблеясы аясында Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэймен және Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездеседі.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM