Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтік желідегі мен жайлы пікірлер намысыма тиді

KAZAKBOL.COM

Қуаныш Сұлтанов. Фото: nurotan.kz

Астана атауын өзгертуге қатысты әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сыни пiкiрлер мәжiлiс депутаты Қуаныш Сұлтановтың көңiлiне тиедi екен. Оның айтуынша, ұсыныс-пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды, деп xабарлайды Baq.kz.

«Президент қалай қабылдауы керек едi? Мен осылай болуы мүмкiн екендiгiн бiлдiм… Өте байсалды, дұрыс қабылдады», — дедi Қуаныш Сұлтанов журналистердiң сұрағына жауап бере отырып.

Сұлтанов Астанаға елбасының есімін беруді ұсынған болатын.

Депутат осы күндерi әлеуметтiк желi айтылып жатқан сынның көңiлiне тиетiнiн жасырмады.

«Бұл әркiмнiң құқығы. Бiрақ саяси мәдениет болуы керек. Пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды. Қандай да бiр идея, ұсыныс үшiн адамдарға тiл тигiзген жөн емес. Оның пiкiрiмен келiспей-ақ қойыңыз, бiрақ адамды бiлмей тұрып, ол туралы неше түрлi айтуға болмайды. Бұл бiзде саяси мәдениет жеткiлiксiз екенiн көрсетедi», — дейдi ол.

Айта кетейiк, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атауын өзгертудің қажеті жоқ екенін айтты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM