Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

UFC атлеті Рафаэль Физиев сынға ұшырағаны үшін Қырғызстаннан кеткісі келеді (видео)

KAZAKBOL.COM

Аралас жекпе-жек атлеті Рафаэль Физиев отбасымен бірге Қырғызстаннан кетуді жоспарлаған.

Бұл жөнінде спортшы Instagram’дағы парағында жазды. Физиев мұндай шешімін Қырғызстан мүфтияты мен әлеуметтік желі қолданушыларының қысымымен түсіндірді.

Атлет жанжалдың неден туындағанын айтпады, бірақ оның діни көзқарасына байланысы барын меңзеді.

«Әр адамның өз пікірі бар. Зайырлы мемлекетте азаматтар заңды нәрселердің бәрін жасауға құқылы. Бірақ мен бүгін мүфтияттың арандауына ұшырадым. Маған, отбасы қысым жасалып жатыр», — деді ол.

Физиев Қырғызстан атынан шығуын доғарып, елден кететінін жазды.

Бұның алында Қырғызстанның бұрынғы мүфтиі Мақсатбек Токтомушев спортшылардың діни тақырыпта жазғанын сынаған. Токтомушевтің айтуынша, Физиев Ирактағы Кербала қаласын Мекке мен Мединадан кейінгі қасиетті қала деп атаған. Бұрынғы мүфти бұған шариғат не дейді деген сауал тастаған.

«Мұндай пәтуа жасауға болмайды, бұны ашық айтамын. Соңы дінаралық жанжалға ұрындыруы мүмкін», — деген Токтомушев.

Рафаэль Физиевтің айтқандары әлеуметтік желіде қызу талқыланған.

Мүфтият Физиевтің айтқандарына қатысты мәлімдеме таратып, Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасы атлет төңірегіндегі жанжалға қатысы жоғын хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM