KAZAKBOL.COM

Шымкентте көшеде патрульдік қызметте жүрген полицейді автотұрақта күдікке ілінген азамат пышақтап кетті.

Департаменттің мәліметінше, 17 қазан күні кешке полиция қызметкерлері көшедегі бақылау кезінде автотұрақ маңында күдіктілерді байқап, тексеру жұмыстарын жүргізген. Сол сәтте күдіктінің бірі қашуға әрекеттенген. Күдікті артынан қуған учаскелік полиция инспекторына бірнеше жерінен пышақ салып, жарақаттаған.

Жараланған полицей қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізіліп, ота жасалған, қазір жағдайы қалыпты.

«Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя