Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украин әскерлерінің алғашқы тобы Leopard танкілерімен жаттығуды аяқтайды

KAZAKBOL.COM

Испанияда Leopard 2A4 танкілерін қолдануды үйреніп жатқан украин әскерлерінің алғашқы тобы жаттығуын осы аптада аяқтайды. Бұл туралы CNN телеканалы өлкенің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, жаттығудан өтіп жатқан топтың құрамында 55 адамнан тұрған экипаж мүшелері және көмекші адамдар бар.

«Бұл жаттығулар Испания ресми түрде Украинаның қорғанысына қолдау көрсету міндеттемесін алғаннан кейін басталған. Киев Leopard танкілерін басқару үшін экипаждарды және көмекші адамдарды дайындап беру өтінішімен шыққан», – деп жазылған мекеме мәлімдемесінде.

Испания осыған дейін Украинаға Leopard 2A4 үлгісіндегі алты танк беретінін мәлімдеген.

Германия Украинаға Leopard 2 танкілерінің A6 модификациясындағы заманауи үлгісін жөнелтеді.

Өткен айда Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Украинаға осыған дейін уәде етілген 14-тен көп танк бере алатынын айтқан. Оның сөзінше, Challenger 2 үлгісіндегі танкілер Украинаға көктемде барып қалады.

Польша Украинаға 24 ақпанда алғашқы Leopard 2 танкілерін берген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM