Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украина барлау басқармасы: Көктемде оңтүстікте шабуылға көшуге дайын боламыз

KAZAKBOL.COM

Украина армиясы көктемде шабуылға көшуге дайын болады, стратегиялық мақсаттардың бірі – «оңтүстіктегі Ресей әскерінің шебін бұзу». Украина қорғаныс министрлігіне қарасты барлау басқармасы жетекшісінің орынбасары Вадим Скибицкий «Неміс толқынына» берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Скибицкийдің айтуынша, шабуылды бастау бірқатар факторға, оның ішінде Батыс елдері қару-жарақты қашан жеткізетініне де байланысты.

Оның сөзіне қарағанда, басты мақсаттардың бірі – Ресей мен ол аннексиялап алған Қырым арасындағы байланысқа тосқауыл қою. Барлау басқармасының өкілі Ресейдің Белгород облысындағы әскери қоймаға да соққы жасалуы мүмкін екенін айтты. Скибицкийдің айтуынша, Украинаға шабуыл сол жақтан жасалып жатыр.

Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарындағы билік өкілдері Украина жағы жиі атқылайтынын айтып келеді. Соның салдарынан қаза болғандар мен жараланғандар, қираған ғимараттар да бар. Украина әскері «Ресей аумағына соққы жасағаны» туралы хабарламаларға түсініктеме бермеген. Батыс елдерінің өкілдері Украинаға қару-жарақ Ресейге соққы жасау үшін емес, украин аймағын азат ету үшін беріліп отыр деп айтады.

Скибицкийдің айтуынша, алдағы шабуылдың мақсаты – Украинаның басып алынған жерлерін, соның ішінде Қырымды да азат ету, 1991 жылғы шекараны қалпына келтіру.

Қырымды әскери жолмен қайтаратынын Украина билігі 2022 жылы ақпанда орыс әскері елге басып кіргеннен кейін мәлімдей бастаған. Киев Украина тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықаралық қауымдастық мойындаған аумағын қалпына келтірмей, Мәскеумен бейбіт келісімге бармайтынын айтады.

Украина президенті Владимир Зеленский 26 ақпанда Қырымды қайтарғаннан кейін Украинада бейбітшілік орнайды деді.

«Бұл – біздің жер. Біздің халық. Біздің тарих. Украинаның әрбір бұрышына украин туын қайтарамыз» деп жазды ол телеграм-арнасында.

26 ақпанда Украинада «Ресейдің Қырымды жаулап алуына қарсылық күні» аталып өтеді. Тоғыз жыл бұрын Симферопольде Украинаның аумақтық тұтастығын қорғау туралы митинг өткен. Ертесінде ресейлік арнайы жасақ Қырым парламентін басып алып, іс жүзінде аралды аннексиялауға дайындалған.

  • Украина қарулы күштерінің бас штабы 26 ақпанда Қырымда ресейлік әскери қызметкерлер мен армияға алынған солдаттардың қатысуымен бекініс тұрғызыла бастағанын хабарлады. Бұған дейін оған дәлелдер де жарияланған.
  • Батыс елдерінің бірқатар өкілдері Украина жуырда Қырымды қайтаратынына күмәндана қарайды. Дегенмен олар шабуылға қатысты мәселелер бойынша Киевтің өзі шешім шығарады дейді.
  • 2022 жылғы ақпанның аяғынан бері Ресей Украинаның Херсон және Запорожье облыстарының оңтүстік бөлігін бақылауға алған. Күзде Украинаның бірнеше облысын «қосып алу туралы псевдореферендум өткен», оның нәтижесін бірде-бір мемлекет мойындамады.
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM