Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинадағы соғыста өлген жауынгерлерінің отбасына Ресей 89 миллиард рубль өтемақы берген

KAZAKBOL.COM

Украинаға басып кірген Ресей соғыста өлгендер мен жараланғандардың отбасына 113 миллиард рубль ақша бөлген. Оның 89 миллиарды қазірдің өзінде төленген, – дейді «Новая газета. Европа» газеті.

«Ресейдің шамамен 15-17 мың жауынгері немесе олардың отбасылары өтемақы алуға тиіс» деп есептейді зерттеу авторлары. Олар өлген жауынгерлердің отбасына 9,5 миллион рубль, жараланғандарға 4,5 миллион рубль өтемақы төленеді деп санаған. Осы тұрғыдан алғанда, Украинаға соғыспен кірген 150 мың әскердің 10-11 пайызы өлген не жараланған болып шығады.

«Новая газета. Европа» жазуына қарағанда, Ресей Украинаға басып кірген соң екі аптадан кейін-ақ, яғни 10 наурызда өтемақы қарастыра бастаған. Өтемақы көлемін таяуда Ресей президенті Владимир Путин бекіткен.

Ресей қаржы министрлігі Росгвардия жауынгерлеріне 1,5 миллиард, қорғаныс министрлігінің жауынгерлеріне 15 миллиард рубль бөлген. Бұл — соғыстың алғашқы аптасындағы жауынгер шығыны жөніндегі ресми ақпаратқа тура келеді. Ол кезде қорғаныс министрлігі жариялаған есепте 498 жауынгер өліп, 1597 жауынгер жараланғаны көрсетілген. Ресей 25 наурыздан кейін әскердегі өлім-жітім жайлы хабарлауды доғарған.

Журналистер Украинада тек жауынгерлер ғана емес, Ресейдің бейбіт адамдары — жаулап алған жерге барған еріктілер, медиктер мен төтенше жағдай қызметкерлері де өліп, я жараланып жатқанын айтады. Олар жараланса — 3 миллион рубль, өлсе — отбасыларына 5 миллион рубль төленеді. Бұл үшін Ресей бюджетінен қазірдің өзінде 300 миллион рубль бөлінген.

Өтемақы алудың қиындығын айтып жатқандар да көп. Мысалы, жауынгер хабар-ошарсыз кетсе, өтемақы алу мүмкін емес. Сонымен қатар, соғысқа барған еріктілер мен сепаратистік «ДХР» мен «ЛХР» қарулы топтарының және Ресей жағында соғысып жүрген жеке әскери компаниялардың шығындары Ресей бюджетінен төленбейді.

Ресей әскерінің Украинадағы шығынын өз бетінше есептеп жүрген журналистер бар. Мысалы, Би-би-си басылымы «Медиазонамен» бірлесіп, Ресейдің Украинадағы соғыста өлген 4500 жауынгерінің аты-жөнін анықтады. Бірақ бұл толық мәлімет емес. Ресей қорғаныс министрлігі наурыздан бері есебін жариялаған жоқ, ал Украина соғыста «Ресейдің 40 мыңнан астам жауынгері өлді» деп отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM