Желіде қазақ тойларының бірінде асабаның қалыңдыққа енесі алдында ант қабылдатып қойған сәтінің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Той кезінде асаба ортаға қалыңдықты шығарып, сарбаздар секілді келінді қадам бастырып қойған. Мұнан соң ақ көйлек киген қалыңдық енесінің айтқанынан шықпай, он шақты ұлға, моншақты қызға ана болуға, банкоматтың карточкасына таласпай, осы әулетке еңбек етуге ант береді.
Бұл өз кезегінде тойға жиналған қонақтарды күлкіге қарық қылды. Тіпті қойылым сәтінде жас келінге енесі әулеттің туын салтанатты түрде табыстайды. Бұл желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.
Көбі асабаның мұнысын әзілге теңегенімен, мағынасы тереңде жатқанын атап өтті. Айта кетерлігі, салтанатты шараның еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз.
Видео желідегі Saya Akba парақшасынан алынды.
KAZAKBOL.COM