Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Uzbekistan Airways Ауғанстаннан эвакуацияланғандарды Германияға жеткізді


Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшағы бейсенбіде Ауғанстаннан эвакуацияланған 200-ден астам адамды Ташкенттен Майндағы Франкфуртқа жеткізді. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Германия қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, бейсенбі күні түстен кейін әскери ұшақ Кабулден 211 адамды алып шықты. Осылайша Ташкент арқылы эвакуацияланғандар саны 900-ден асты.

Германияның Ташкенттегі елшілігі Өзбекстаннан ұшақ сұраған.

Бұған дейін Ташкентке жеткізілгендерді немістің Lufthansa әуе компаниясының ұшақтары ғана тасыған.

«Эвакуацияланғандардың ешқайсысы қалаға шықпайды, оларды Ташкенттен жолаушы рейстерімен алып кетеді», — делінген «Өзбекстан 24» телеарнасының репортажында.

Мәліметтерге қарағанда, Кабул мен Ташкент арасындағы әуе көпірі арқылы эвакуациялау Ауғанстандағы жағдай тұрақталғанша үзілмейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM