Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Вагнер» әскери компаниясына қатысқан қазақстандықтар жауапқа тартылады

KAZAKBOL.COM

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қолқабаев журналистердің «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясына қатысты сауалдарына жауап берді.

Журналистердің айтуынша, әлеуметтік желілерде ата-аналар «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы балаларды соғысқа насихаттап жатқанын жазып, Қазақстанның азаматтарды қорғай алмай отқанына шағымданған. «ҰҚК бұдан хабардар ма?» деген сауалға комитет өкілі былай деп жауап берген:

«Азаматтардың шетелдің заңсыз әскери жанжалдарына қатысқаны дәлелденсе, қылмыстық жауапқа тартылады».

QOS live telegram-арнасы Маңғыстау облысының 24 жастағы тұрғыны Абзалдың жағдайы туралы жазды. БАҚ мәліметінше, ол Ресейдің Самара облысында есірткі саудасына қатысты іспен жеті жылға сотталған. Әлеуметтік желілерде жас жігітті Украинадағы соғысқа жіберу үшін «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы үгіттеп жатқаны хабарланған. Қазақстандағы мемлекеттік органдар әзірге мұндай ақпарат қатысты ешқандай мәлімет таратпады. Жергілікті белсенділер болса биліктен қазақстандықты елге қайтаруды талап етіп отыр.

Сәуір айында 23 жастағы қазақстандық Марғұлан Бекеновті белгісіз біреулер наурызда ұрлап әкеткені мәлім болды. Томск университетінің студентін туыстары «Вагнер» әскери компаниясынан тапқан, бірақ әскери киімдегілер анаға баласын алып кетуге рұқсат бермеген. Кейін Марғұланның Украинада соғыста жүргені мәлім болды.

Ресейдің әскери басқыншылығын көпшілік алдында сынамаған қазақстандық билік Ресейді сынағысы немесе Мәскеумен дипломатиялық жолдармен дауласқысы келмейді.

Қазақстан заңдарында шетелдегі әскери жанжалға қатысқандарға қылмыстық жаза қарастырылған. Қазақстан билігінің Ресейдің әскери топтарына қатысты ұстанымы белгісіз. Алайда Қазақстанда «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының адамдарды ашық түрде соғысқа баруға үгіттейтін ресурстары әлі күнге дейін жабылған жоқ.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM