Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Вагнер» Түркиядан қару сатып алмақ болған – жарияланып кеткен құпия құжаттардан

KAZAKBOL.COM

Әлеуметтік желілерде жарияланып кеткен Пентагон мен Орталық барлау басқармасының құпия құжаттарынан журналистер Украина мен Ресейдің қорғаныс қабылетіне қатысты ақпараттарды анықтады.

Бұл ақпараттарға The New York Times пен Washington Post басылымдары талдау жасаған.

Құжаттарға қарағандан, Ресейдің «Вагнер» жалдамалы әскери тобы ақпан айының басында Түркиямен қару-жарақ сатып алу бойынша келіссөз жүргізген. Олардың келісімге келген, келмегені белгісіз.

Түркия НАТО-ның мүшесі. Егер ұйымның сыртынан Ресейге қару-жарақ жеткізуге байланысты келіссөз жүргізсе, бұл Түркияның беделі үшін үлкен соққы болады деп жазады Washington Post.

Құжатта сонымен бірге Қытайдың Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы да қаралған.

Құпия құжаттардың қалай жарияланып кеткені әзірге анықталмады. Бұл құжаттарға қарағанда, американың барлау қызметі өзге елдердің де жоспарлары жөніндегі мәліметтен хабардар болған.

Аталған басылымдардың журналистерінің жазуынша, құпия құжаттардың жарияланып кетуі АҚШ-тың одақтастарымен қарым-қатынасын қиындатуы мүмкін.

Өткен жұма күні АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері құжаттардың қол жетімділігіне шектеу қойған.

АҚШ-тың әділет министрлігі бұл оқиға бойынша тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM