Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Вице-министр БҚО-дағы тікұшақ апатына «табиғат жағдайы себеп болуы мүмкін» дейді

KAZAKBOL.COM

Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Мереке Пішембаев 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чапурино кенті маңындағы тікұшақ апатына «табиғат жағдайы себеп болуы мүмкін» дейді. Оның айтуынша, апат Ресей шекарасына жақын жерде болған.

«Біріншіден, [апатқа ұшыраған] тікұшақ – жаңа ұшақ. Бір жыл да болмаған. Жағдайы жақсы. Қазір тексеріс аяқталған жоқ. Авиация әкімшілігінде комиссия құрылған. Оның құрамында «Қазавиақұтқару» өкілдері де бар. Олар тексеріп жатыр. Қазір ойлап қарасақ, табиғат жағдайы себебінен болған сияқты» деді 1 наурызда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген вице-министр Мереке Пішембаев.

Оның айтуынша, апат болған жер – Ресей шекарасына жақын, бірақ Қазақстанның аумағы. «Ресейге қатысы жоқ» деді вице-министр.

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі апатқа «ауа райы әсер етпеген сияқты» деп мәлімдеген. Сәрсенбі күні Азаттық тілшісі вице-министрге осыны еске салғанда, «сәл тосайық, тексеру нәтижесін күтейік» деді.

​23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чапурино кентінің ашық аумағында «Қазавиақұтқаруға» тиесілі Ми-8 тікұшағы дұрыс қона алмай, төрт адам қаза тауып, екі адам жараланған еді. Тікұшақ «ҚазТрансОйл» компаниясының өтініші бойынша Өзен – Атырау – Самара магистральдық мұнай құбырын бойлай ұшқан.

Тікұшақ экипажында тәжірибесі мол кемінде 10 білікті маман болған. Апатқа ұшыраған ресейлік МИ-8 тікұшағы 2021 жылы шығарылған. 2023 жылғы 17 қаңтарда Атырау қаласында техникалық тексеруден өткен.

Бұған дейін «Екі немесе одан да көп адамның қазасына әкелген әуе кемесін жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

Министрліктің мәліметінше, 2008 жылы да Қызылордада төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, бес адам опат болған. Бұл – содан бергі екінші апат.

Ресми мәлімет бойынша, «Қазавиақұтқару» авиапаркінде 31 тікұшақ бар: бір Ми-8Т, екі Ми-171, бір Ми-8МТВ, жеті Ми-8АМТ, 16 ЕО-145, екі Н-145, екі Н-130 тікұшағы бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM