Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Владимир Путин «Спутник V» вакцинасын салдырғанын айтты

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырғанын айтты. Оның сөзінше, осыдан кейін біраз уақыт дене қызуы көтеріліп, таңға қарай басылған. Ол бұл жөнінде тікелей эфир кезінде мәлім етті.

Путин «ЭпиВакКорона» немесе «Спутник V» вакциналарының бірін алуға таңдау болғанын, ол соңғысын таңдағанын, себебі ол ұзақ уақытқа дейін әсер ететінін әрі Қарулы күштердің бәрі соңғысын алғанын, ал өзі бас қолбасшы екенін жеткізді.

Ендеше, екпе алғаныңыз жөніндегі суретіңіз неге жарияланбады деген сұраққа, Путин «егер екпені қолға емес, басқа жерге салғанда, оны да көрсетуіміз керек пе?» деп жауап берді.

Владимир Путиннің коронавирусқа қарсы екпе салғызғаны 23 наурызда белгілі болған.

«Спутник V» вакцинасын Ресейдің Гамалеи атындағы орталығы, ал «ЭпиВакКорона» вакцинасын Новосибирскідегі «Вектор» ғылыми орталығы әзірлеген. Тағы бір ресейлік «КовиВак» вакцинасын Чумаков атындағы орталық әзірлеп шығарған. Әзірге бірінші препараттың ғана тиімді әсері жөнінде ғылыми материалдар жарияланды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM