Қырғызстан Ресеймен баж салығынсыз жанармай тасымалтау туралы келісімге отырмаса, елде оның бағасы күрт қымбаттауы мүмкін.
Мұнай трейдерлері қауымдастығының атқарушы директоры Канат Эшатовтың хабарлауынша, мұнай трейдерлері келісім 20 желтоқсанға дейін қабылдануы керек деп алаңдап отыр.
Баж салығынсыз жанармай тасымалдау туралы келісімді Өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті қабылдауы тиіс. Эшатовтың айтуынша, комитеттің бұл мәселеге жауапты орынбасары жұмыстан кеткен, оның орнына әлі ешкім тағайындалмаған. «Біз үкімет өкілдерімен байланыс ұстап отырмыз. Ресей тарапымен тасымал көлемін келістіріп қойдық, келісімге қол қою ғана қалды», — деді қауымдастық өкілі.
Ресейден баж салығынсыз жанармай тасымалдау тоқтаса, онда Қырғызстанда оның бағасы 2,5-3 сумға қымбаттайды.
KAZAKBOL.COM