Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қытайлықтарды «қыли көз» деп атаған тележүргізуші жұмысынан қуылды

KAZAKBOL.COM

Австралиялық тележүргізуші Росс Кэмерон тікелей эфир кезінде нәсілшілдік танытқаны үшін жұмысынан қуылды. Outsiders бағдарламасын жүргізген азамат қытайлықтарды «қыли көзді» деп атап, басы бәлеге қалған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 30 қазан күні Sky News арнасында шыққан бағдарламада болған. Росс Кэмерон Шанхайдағы туристерді талқылау барысында қытайлықтарға қатысты жағымсыз пікір білдірген.

«Шанхайдағы Диснейлендке таңертең ерте тұрып барсаңыз да, сіз таңғы уақыттың өзінде 20 мыңнан астам қара шашты, қыли көзді қытайлыққа тап боласыз. Олар бәрібір паркке сізден бұрын барып алады» , — дейді ол.

Тележүргізушінің дәл осы сөздері желіде шу тудырып, нәтижесінде Кэмерон жұмысынан кетуге мәжбүр болған. Оқиғадан кейін Sky News арнасының атқарушы директоры Пол Уиттакер нәсілшілдік танытқан журналист үшін ел алдына кешірім сұрап, тклкжүргізушімен келісімшарт тоқтатылғанын жеткізді.

Кейін ел алдында дұрыс сөйлемегенін мойындаған Росс Кэмеронның өзі де халықтан кешірім сұрады..

«Мен үлкен қателікке бой алдырдым. Мен ешкімді ренжіткім келмеген. Алайда, сөздерім кімде-кімнің көңіліне қаяу түсірсе, кешірім сұраймын» , — дейді ол.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM