Өзбекстан Қырғызстанға әскерінің соғысқа қаншалықты дайындығын тексеретінін ескертті.
Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстаннан тиісті нота 25 қарашада түскен.
Онда өзбек тарабы қырғыз билігіне 2018 жылдың 26 қарашасында Өзбекстан армиясының майданға қаншалықты дайындығын және техникалық мүмкіндіктерін тексеретінін ескерткен.
Құжатта сонымен бірге бұл шараның Өзбекстанның халықаралық қауымдастық алдында өзіне алған міндеттемелеріне сәйкес келетінін, қандай да бір басқа мемлекетке қарсы мүддесі жоқ екенін атап өткен.
KAZAKBOL.COM