Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 19 шілдедегі қаулысымен Атом энергетикасын дамыту жөніндегі агенттік құрылды.
Құжатта уран шикізатының үлкен қоры бар елде атом энергетикасы мүмкіндіктерін пайдаланбай келетіні айтылған.
Өзбек ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, республикада электр қуатының 70 пайызы газдан, 13 пайызы көмірден, 3 пайызы мұнайдан алынады. Болжам бойынша, 2030 жылға таман салынады деп жоспарланған атом электр станциялары қуаттың 15 пайызын беруі тиіс.
«Өзатом» агенттігінің басшысы қызметіне Журабек Мирзамахмудов тағайындалды. Агенттік құрамында Ғылымы=техникалық және сарапшылар кеңесі құрылады.
«Росатом» мемлекеттік корпорациясының Өзбекстанмен жасалған келісіміне сәйкес, атом электр станциясы 2028 жылға дейін салынады. Кешен қуаты 1200 мегаватт болатын екі энергоблоктан тұрады.
KAZAKBOL.COM