Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Өзбекстанда милиция бастығы шаруаның мұрнын сындырған

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Жизақ облысы Янгиабад ауданындағы шаруа қожалық басқаратын Сардор Курбанбаев аудандық милиция басшысы Ильхом Сулаймоновты комбайн сынып қалғаны үшін мұрнымды сындырды деп айыптады

«7 шілдеде мен әкімшілік тапсырмасымен «Пасткичакир булоги» шаруа қожалығында егіс жинайтын комбайнға мен жауапты болдым. Сол жерде комбайн жұмыс істемейтіні белгілі болды. Жүргізуші жаңа темірлер әкеліп, олар келмей қалды. Қожалыққа келген милиция басшысы бір сағатта комбайн жөнделсін деп бұйырды. Екі сағаттан соң милиция басшысы Янгиабад ауданы басшысы мен прокурор ертіп келді», – дейді Сардор Курбанбаев.

«Әуелі аудан басшысы бізді тергеп, одан соң балағаттай бастады. Милиция бастығы Ильхом Сулаймонов шығып, қожалықтың Музаффар есімді жұмысшысын бірнеше мәрте тепті. Сосын ол аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкері Уткир Омоновтың бетінен салып жіберіп: «Сен, малғұн, мыналарға неге қарамайсың», — деп оны балағаттады. Одан кейін Сулаймонов маған жақындап, балағаттай бастады. Ол күтпеген жерден тұмсығымнан ұрып жіберді. Мен құлап түстім. Кейін милиция бастығы мені бірнеше мәрте тепті. Мұрнымнан қан тоқтамай ағып жатқанын көріп, комбайн жаққа кетіп қалды. Оның аузынан арақ иісі мүңкіп тұрды», – деді шаруа.

Оқиға куәгірінің бірінің айтуынша, аудан басшысы мен прокурор осының барлығын үнсіз бақылап тұрған.

Курбанбаевтың айтуынша, ауруханада рентгенге түсіріп, мұрын сынғанын анықтаған. Ота жасаған. Шаруа Жзақ облыстық прокуратурасына, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне және Өзбекстан ішкі істер министрлігіне шағымданған. 17 шілдеде оны облыстық прокуратураға куәлік етуге шақырған. Сол күні шаруа сот-медициналық сараптама нәтижесін прокурорларға көрсеткен.

Аудандық милиция бастығымен байланысудың сәті түспеді, бірақ Янгиабад ауданының басшысы ​Икрам Матиев ауданда Сардор Курбанбаев есімді шаруа жоқ, мұндай оқиға болмаған деп жауап берген. Дегенмен Өзбекстан Бас прокуратурасы істі бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM