Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда оқушы қызды 60 жастағы көкесі зорлап, жүкті қылған

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандағы Әндіжан қаласының 60 жастағы тұрғыны әйелінің жетінші сыныпта оқитын 13 жастағы жиенін зорлады деген күдікке ілінді. Қызды тексерген дәрігерлер жүктілікке он сегіз апта болғанын анықтаған.

Әндіжан қаласындағы орта мектептердің біріндегі жетінші сынып оқушысының аяғы ауыр екенін махалла төрағасы хабарлады.

«Махалла төрағаларының жиналысында Әндіжан қаласының ішкі істер департаментінің басшысы Шухрат Парпиев бізге жетінші сынып оқушысының 60 жастағы көкесінен жүкті болып қалғанын айтты. Қыздың әкесі жоқ, анасы оны туған әпкесіне тапсырып, Ресейге кеткен. Нағашы апасының күйеуі қызды зорлап, жүкті қылған. Қыз бар шындықты жауап алу кезінде айтқан. Қазір тергеу жүріп жатыр», — деді қаладағы махаллалардың бірінің төрағасы.

Әндіжан облысы ішкі істер басқармасының бір қызметкері Азаттықтың өзбек редакциясына іске қатысты кейбір мәліметтерді құпия түрде хабарлады. Дереккөз мәліметі бойынша, қазір құқыққорғау органдары 13 жастағы оқушының зорлануына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Жауап алу кезінде қыз нағашы апасының күйеуі зорлағаны туралы шындықты айтты. Бірақ күдікті бұны жоққа шығарып отыр. Қыздың іші ауырып, дәрігерге қаралған. Оның жүкті болып қалғаны сол жерде анықталған. Дәрігерлер милицияға хабар берген. Тергеушілер істі қарап жатыр. Кінәсіздік презумпциясына сай, 60 жастағы кісі әзірге күдікті ретінде қаралады. Оның кінәсі дәлелденген жағдайда, қамауға алу туралы сотқа өтініш жасалады», — деді милиция қызметкері. Оның айтуынша, «кісі зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық милиция басшысының кәмелет жасқа толмаған қыздың зорланғаны туралы мәлімдемесінен соң, Әндіжандағы барлық мектептерде оқушы қыздардың пәктігін тексеру басталған. Бұл туралы қаладағы мектептердің бірінің директоры хабарлады.

«Оқушы қыздардың барлығына УЗИ жасалып жатыр. Мектепке жақын орналасқан емханалардан келген дәрігерлер оқушының әрқайсынан 3 мың сом алып, олардың пәктігін тексереді. Бұған қоса, халық білімі қалалық бөлімі бізге ата-аналармен жиналыс өткізіп, жағдайды түсіндіруімізді тапсырды. Ата-аналары шетелде жүрген оқушыларды анықтап, ішкі тізім жасауды міндеттеді», — деді Әндіжандағы орта мектептердің бірінің директоры.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM