2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Өзбекстанда жол инспекторлары мобильді бейнекамерамен ғана құжат тексере алады. Бұл туралы елдің әділет министрлігі хабарлады.
Өзбекстан ІІМ Жол-күзет қызметінің қызметкерлеріне жол бойында жасырын бақылау орнатуға тыйым салынады. Мұндай ережені өзбек үкіметі 1 желтоқсанда бекіткен.
Құжатта жол инспекторлары қызметін аудио және бейнекамерамен ғана атқаруы керектігі айтылған. Келесі жылдың шілдесінен бастап олар мобильді бейнекамерамен жүруге міндетті.
Инспекторлар өздеріне тиесілі аумақта ғана жол ережелерін реттеуге құқылы. Басқа аумақта толтырылған хаттамалардың заңдық күші болмайды.
KAZAKBOL.COM