Өзбекстанда бензин, электр қуаты және табиғи газ бағасының қымбаттауына байланысты, жылу мен ыстық су бағасы көтеріледі.
1 қарашада қабылданған үкімет қаулысында солай делінген.
«16 қарашадан бастап жылу тарифі 10 пайызға дейін көтеріледі» делінген құжатта.
Өзбекстанда алдағы уақытта электр қуаты және газ бағасы да екі кезеңде қымбаттайды, деп хабарлады жергілікті БАҚ. Бірінші кезеңде, 16 қарашадан бастап тұрмыстық тұтынушыларға арналған газ бағасы текшеметріне 320 сумға дейін, ал 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап – 350 сумға дейін қымбаттайды.
Бұған қоса 16 қарашада электр қуатының киловаты 250 сумға (қазір 228 сум 60 тийин), ал 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 280 сумға дейін қымбаттайды.
centralasian.org