Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Зерттеушілер Украинадағы соғыста 47 мың ресейлік жауынгер қаза болғанын анықтады

KAZAKBOL.COM

Украинадағы соғыстың 15 айында 47 мың ресейлік жауынгер қаза болған. Бұл туралы «Медуза» мен «Медиазона» басылымдары бірлесіп жүргізген зерттеуде айтылды. Қазір жүріп жатқан украиналық қарым шабуыл құрбандары қара тізімге кірген жоқ.

Зерттеушілер мәліметінше, қаза болғандар саны 40 мың мен 55 мың аралығында болуы мүмкін. Статистика жүргізген уақытта 2022 жылғы өлім-жітім дерегі есепке алынған.

Ауғанстанда 10 жылға созылған соғыста да адам шығыны бұдан үш есе аз болған. Украинадағы соғыс шығыны 1994–1996 жылдардағы бірінші шешен соғысында қаза болған ресейлік жауынгерлер санынан тоғыз есе көп.

Зерттеу жүргізген журналистер 2022 жылы Ресейде қайтыс болған жас жігіттер күрт көбейгеніне назар аударған. Былтыр өлім-жітім әдеттегі көрсеткіштен 24 мыңға, есептеудің кейбір әдісі бойынша 25 мыңға артық болған.

Осылайша, 2023 жылғы 27 мамырдағы (украин қарымта шабуылы басталған уақытқа дейін) көрсеткіш бойынша, Украинадағы соғыста 47 мың адам қаза болды деп есептейді зерттеушілер.

Ауыр жараланған жауынгерлер мен әскери қызметтен кеткендерді қоса ескерсек, Ресей қарулы күштері 125 мың адамнан айрылған. Бұл есепке із-түссіз жоғалғандардың бірқатары ғана кіреді, бірақ тұтқындағы ресейліктер кірмейді.

Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыс шығыны туралы ресми мәлімет жарияламай отыр. Украина да соғыс шығынан жасырады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM