Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жүздеген тәжік азаматтары Ресейге ұша алмай жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Ural Airlines компаниясының рейстері кешігуіне байланысты Душанбе мен Мәскеу, бұдан бөлек Ресейдің бірнеше қалаларында жүздеген жолаушылар жолынан қалды.

Әуе компания өкілдері бұл жағдайды Батыстың Ресейге енгізген санкцияларының әсерінен деп түсіндірді. «Сибирь» және Ural Airlines компанияларының рейстері екі аптадан бері ұшпай, кейінге қалдырылып келеді.

Хатлон облысының тұрғыны Жамшед Нозимов 19 наурызда Мәскеуге ұшу керек болған. Бірақ әлі ұшпады. Оларды алып кетуі тиіс ұшақ Ресейден ұшып келмеді.

«Үш күннен бері әуежайда түнеп жатырмыз. Рейс ұшпайтын болса, билет ақшасын қайтарып берсін», — дейді ол.

22 наурызда Озоди радиосының тілшісі Душанбе халықаралық әуежайына барып, Ресейге ұша алмай жатқан жолаушылардың көбейгенінің куәсі болған.

Ural Airlines компаниясының Тәжікстандағы өкілі Умеджон Лолаев Еуропада тіркелген ұшақтар санкцияларға байланысты рейстен алынғанын айтты. «Біздің ұшақтар Ресейде тіркеуден өтеді, осыдан кейін кешігу болмайды»,- деді Лолаев.

Ural Airlines — Тәжікстан мен Ресей ортасында жолаушы таситын әуе компания.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM