Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жадоны «шошқаға» теңеген Меруерттің қорғаушысы оның әрекетін ақтап алатын дәлелдер келтіре алмады

KAZAKBOL.COM

 

Жадоны «шошқаға» теңеген Меруерттің қорғаушысы оның әрекетін ақтап алатын бірде-бір дәлел келтіре алмады деп хабарлайды 31-арна.
Бұл туралы «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтылды.

Осыдан үш ай бұрын басталған әнші Меруерт Түсіпбаева мен сәнгер Жадыра Сахиева арасындағы дау-дамайға әлі де нүкте қойылар емес. Екінші рет сот отырысы өтсе де, Меруерт ханымның жүзін көре алмадық.

Ал әншінің қорғаушысы болса, жиналған БАҚ өкілдеріне мүлдем сұхбат беруден бас тартты. Алайда, қорғаушының айтуынша, әнші бүгінде Ресейдегі шипажайлардың бірінде ем қабылдап жатқан көрінеді. Сот отырысының болатын күнін біле тұра демалуға кеткен әншінің әрекетіне сәнгер аң-таң екен.

«Аң-таң болдым. Өйткені осы уақытқа дейін маған қоңыраулар шалды үлкен кісілер. Әншілеріміз, апайларымыз. Кешірімді бол дегендей. Мен ойлағанмын, осы жолы жарайды кездесейік  мүмкін кешірім сұрап дегендей», — деді сәнгер Жадо.

Сот барысында Меруерттің қорғаушысы әншінің әрекетін ақтап аларлықтай бірде-бір дәлел келтіре алмады. Жеке басымды қорлап қана қоймай, өзімді «шошқаға» теңеді деген дизайнер әншіден 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын талап етті.

Екі бірдей өнер адамының соттасып жатқанын естіген Қыдырәлі Болманов жағасын ұстады. Мұндай жағдай кенеттен бола қалса, белгілі продюсер кешірімді болатын едім деп ағынан жарылды.

«Адам баласы жалпы бірнеше миллиондаған секунд өмір сүреді. Сонда қолыңнан келгенше, еліңе, ұлтыңа, досыңа, жақыныңа жылы сөз айтып кеткен дұрыс. Қазақ өнері былай көп көрінгенмен, онша көп те емес», — дейді Қыдырәлі Болманов.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM