Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданындағы жанармай бекетінің өртенуінен төрт адам зардап шекті.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, зардап шеккендердің біреуі — Қырғызстан азаматы, қалғандары — тәжікстандықтар.
Жанармай бекетіндегі өрт 4 шілдеде сағат 20:30-да басталған. Екі сағаттан соң өрт бақылауға алынды, ал 5 шілдеде сағат 05:30-да өрт толық сөндірілді.
Жанармай бекеті Тәжікстанмен шекараға жақын орналасқан, сол себепті оны сөндіруге көрші республиканың өрт сөндірушілері де қатысты. Зардап шеккендер ауруханада жатыр.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
KAZAKBOL.COM