Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жапаров Ердоғаннан «Сапат» түрік лицейлерінің басшысы Инанды туралы сұрады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғаннан Қырғызстанда із-түссіз жоғалған Орхан Инанды туралы сұрады.

Қырғызстан басшысының баспасөз хатшысы Эрбол Султанбаев ақпарат құралдарының өкілдеріне осылай деп хабарлады. Журналистер хатшыдан екі президенттің Инандының із-түссіз жоғалуын талқылаған-талқыламағанын сұраған.

«Ердоған оны танымайтынын, ол туралы ешқандай мәлімет жоғын, ФЕТО жақтастыру туралы естігісі де келмейтінін айтты», — деп жауап берген Султанбаев.

9 маусымда Садыр Жапаровпен бірге өткізген келіссөздер нәтижесіне қатысты бірлескен баспасөз конференциясында Ердоған «террористік ұйымдармен, соның ішінде ФЕТО-мен күрес мәселелері, сонымен бірге аймақтағы әріптестік жайы талқыланды» деп мәлімдеген.

«Қымбатты бауырым екеуміз ФЕТО екі елге де қауіпті деп білеміз. Жақында болған саяси мәселелер ФЕТО-ның қара, қанды әрі жағымсыз «бетін» әшкерелеп берді. Құдай қаласа, біз бұны бірге шешеміз. Түркия қырғыз халқы мен билігін қолдайтынын құрметті президентке тағы да айттым. Саяси тұрақтылыққа жасалған әрбір қадамында Қырғызстанмен бірге боламыз», — деді түрік президенті.

«Сапат» түрік білім мекемелерінің негізін қалаушы 53 жастағы Орхан Инанды 1995 жылдан бері Қырғызстанда тұрады. Ол 2012 жылы Қырғызстан азаматтығын алды.

1 маусымға қараған түні ол із-түссіз жоғалып кетті. Милиция кісі ұрлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Инандының жақтастары мен туыстары оны Түркияның арнайы қызметі ұрлап әкеткен болуы мүмкін деп отыр.

Ресми Анкара 2016 жылы Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынғандардың артында түрік оппозиционері Фетхуллах Гүлен мен оның «Хизмет» қозғалысы тұр деп есептейді. Түркия билігі бұл ұйымды ФЕТО деп атап, оны террористік ұйымға жатқызған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM