Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жапония Фукусимадағы өңделген радиоактивті суды мұхитқа төгеді

KAZAKBOL.COM

Экологтардың қарсылығына қарамастан Жапония билігі Фукусима атом электр станциясындағы өңделген радиоактивті суды мұхитқа құю туралы шешім қабылдады.

Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга 13 сәуір күнгі үкімет отырысында қалдық суды мұхитқа төгу атом электр станциясын істен шығарудың ең оңтайлы жолы деп мәлімдеді. Оның айтуынша, процесс барысында су деңгейі ескеріледі.

2011 жылы күшті жер сілкінісі мен содан туындаған цунамидің салдарынан атом электр станциясында ірі апат болып, содан бері станция қоймасындағы су мөлшері 1,25 млн тоннаға жеткен. Токио электр станциясы операторы үш реакторды судың көмегімен салқындатып келеді.

Оператор екі жылдан кейін мұхитқа су төге бастайды, бұл процесс ондаған жылға созылуы мүмкін. Токио электр станциясы мен үкіметтің айтуынша, су мұхитқа төгілер алдында сүзіліп, радиоактивті элементтерден тазартылады. Бірақ су құрамында тритий элементі қала береді, мамандар оның кішігірім көлемі аса қауіпті емес екенін айтады.

МАГАТЭ суды мұхитқа төгу туралы шешімді құптап, оны атом электр станциясын қалдық судан тазарту процесіне ұқсатып, мұндай құбылыс әлемнің кез келген бөлігінде жүріп жатқанын алға тартты. Көптеген жапон азаматтары қалдық суды мұхитқа төгуге қарсы шыққан. Қытай мен Оңтүстік Корея оқиғаға алаңдаушылық білдірді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM