Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Желіде Бағдат Мәнізоровтың үйінде тәркіленген ақша деп тарап кеткен видео қызу талқыға түсті

KAZAKBOL.COM

Желіде Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Бағдат Мәнізоровтың үйінде тәркіленген ақша деп тарап кеткен видео қызу талқыға түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел қызмет өкілдерінің тінту жүргізіп жатқан видеосы мессенджерлер мен Желіде тарап кеткен. Видео кадрында жол және спорттық сөмке, пакет және жәшікте бумаланып жатқан ақшалар көрсетілген. Жәшіктердің бірінде 100 долларлық ақшалар бумасымен жатыр.

Желіде видео Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Бағдат Манзоровтың үйін тінту барысында түсірілген деп таралған. 26 қыркүйекте экс-орынбасардың ұсталғаны туралы хабарланған.

Бірақ видеоның экс-орынбасарға қатысы жоқ екені анықталған. Видео Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің полковнигі Кирилл Черкалиннің ісіне қатысты түсірілген. Роликті ресейлік басылым пара алып ұсталған полковниктің үйін тінту барысында түсіргенін ескерткен. 

Черкалинді 2019 жылдың сәуірінде тұтқындаған. Оны 850 мың доллар көлемінде пара алды деп айыптаған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Бағдат Манзоровтың нақты не үшін айыпталып отырғаны белгісіз.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM