Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жемқорлық күдігіне ілінген шенеунік дарға асылған күйі табылды


Қостанай облысында жемқорлық күдігіне ілінген Меңдіқара ауданының білім бөлімінің жетекшісі Қалыбек Жүгінісов дарға асылған күйі табылды. Бұл туралы Tobolinfo сайты жазды.

Сайттың жазуынша, жемқорлық ісі бойынша күдікке ілінген Жүгінісов шамамен екі апта үйқамақта болған. 2 маусымда әйелі Қостанайға кеткен кезде үйде жалғыз қалған. Кешке туыстары оны дарға асылған күйі тапқан.

Ақпаратқа қарағанда, шенеуніктің зейнетке шығуына үш жыл қалған. Қалыбек Жүгінісов 2015 жылы Қостанай облысына көшіп келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Үш жыл бұрын білім басқармасының жетекшісі болып тағайындалған.

Қостанай облысының полиция департаменті «Суицид жасауға итермелеу» бабы (105-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM