Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Жер митингісі» үшін сотталған белсенді Талғат Аян бостандыққа шықты

KAZAKBOL.COM

Атырауда 2016 жылы сәуірде жерге қатысты рұқсат етілмеген митингке шыққаны үшін бес жылға сотталған азаматтық белсенді Талғат Аян жазаның жеңілдетілуіне байланысты 28 сәуірде бостандыққа шығып, кеше пойызбен Атырауға келді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Атыраудың теміржол вокзалына белсендіні қарсы алуға оның ондаған туыстары, жақындары және белсенділер жиналған. Олар Талғат Аянды қолдарына түрлі-түсті шарлар және «Қош келдің үйге», «Талғат — батырымыз!!!» деп жазылған плакат ұстап қарсы алған.

Талғат Аян Ақтөбедегі К-168/2 колониясында қамауда отырған. 14 сәуірде Ақтөбе қалалық соты Талғат Аянның түрме жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырған. Сот шешіміне прокурор қарсы болмаған.

Талғат Аян Азаттық тілшісінің сұрақтарына жауап бере келе өзінің «екіұшты» көңіл-күйде екендігін айтқан. Оның себебін ол өзі бостандыққа шыққанымен, кезінде өзімен бірге сотталған белсенді Макс Боқаевтың әлі де түрмеде отырғандығымен түсіндірген.

— Босап шыққалы мені «кешірім сұрапты» деген алып-қашты сөздерді де естіп қалдым. Бірақ мен ешкімнен кешірім сұраған жоқпын, — деді ол.

Белсенді өзі түрмеде отырған кезде қолдау көрсеткендер мен хат жазғандарға да өз алғысын білдірді.

Талғат Аянды қарсы алушылар да өздерінің қуанышты екендіктерін, алдағы уақытта Макс Боқаевтың да босап шығуы керектігін айтты. Бұған дейін халықаралық ұйымдар Аян мен Боқаевтың босатылуын талап еткен еді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM