Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Атыраулық кәсіпкер өз ауылдастарына 87 млн теңгеге спорт кешенін салып берді

KAZAKBOL.COM

Атырау облысы Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақытжан Достанов осы ауылдағы өзі оқыған №3 орта мектепке «Ырыс» спорт кешенін сыйға тартты деп жазады Ақжайық басылымы.

Спорт кешенінің құрылысына ол өз қаржысы есебінен 87 млн теңге жұмсады. Жалпы алаңы — 807 шаршы метр. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған душ, киім ауыстыруға арналған шкафтар, медициналық пункт жұмыс жасайды. Спортпен шұғылдану үшін тренажер құралдары, стол теннисі, баскетбол, волейбол ойындарына арналған залдар бар. Құрал-жабдықтарды шетелден жеткізді.

«Кешенді өзімізді бағып өсіріп, тәлім-тәрбиесін берген марқұм, асыл әжем Ырыс атымен атауды ұйғардым. Бүгінде кешен өз жұмысын бастап кетті. Балалар дән риза», — дейді кәсіпкер Достанов.

Алдағы уақытта ол енді мәдениет үйін тұрғызып, ауылды көгалдандыруды жоспарлап отыр.


KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM