Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жетім балалар туралы мәлімет жинау жүйесін автоматтандыру қажет – Е.Сағадиев

KAZAKBOL.COM

Жетім балалар туралы ақпаратты уақытылы бермеген жағдайда жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады.

 

 

Қазақстандық жетім балалар туралы деректерді жинау жүйесін автоматтандыру қажет, деп мәлімдеді бүгін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы барысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

«Мен жетім балалар туралы деректерді жинау жүйесін автоматтандыру қажет деген мәселемен келісемін, ол толық ақпаратты қамтуы тиіс», — деді Е.Сағадиев.

Сондай-ақ, министр мұндай ақпарат ашық қолжетімділікте болмауы керектігін атап өтті.

«Бір жағынан барлық деректердің жариялық басқаруда болуымен келіспеймін, өйткені халықаралық іс-тәжірибе көрсеткендей, бұл дұрыс емес. Бұл — біріншіден. Екіншіден, баланың құқығы бар, сол себепті өзінен сұрамай ол туралы ақрпаратты бере алмаймыз», — деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, ол баланың жасы туралы ақпарат, оның суреті ақпараттандыру заңына сәйкес жариялық қолжетімділкте болатындығын және баланы асырап алам деушілер осындай ақпаратты ала алатындығын атап өтті.

«Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен деректер және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, өз отбасыларының тәрбиесіне алғысы келетіндердің бірыңғай республикалық банкін құру ұсынылуда. Сонымен қатар, бұл құжат асырап алушыларға, қамқоршыларына немесе жанашырларына жаңа талаптарды енгізуді көздейді.

Сонымен қатар, жетім балалар туралы ақпаратты уақытылы бермеген жағдайда жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылған.

Фото:www.inform.kz

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM