Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанның экс-президенті биліктің коррупциямен күресін «көзбояушылық» деп атады

KAZAKBOL.COM

«Шын мәнінде бүгін коррупциямен күрес деген желеумен көзбояушылық жүріп жатыр», — деді Қырғызстанның экс-президенті, Социал демократиялық партияның лидері (ҚСДП) Алмазбек Атамбаев 19 қарашада «Апрель» телеканалына берген сұқбатында.

«Шын мәнінде бүгін кеденде супертонаушылар отыр. Осы үшін Қырғызстан бюджетінен миллиардтаған ақша кетіп жатыр, кете береді. Бұл көзбояушылық несімен қатерлі? Коррупциямен күресу көзбояушылығы Ақаев кезінде де, Бакиев кезінде де жүрді», — деп мәлімдеді ол.

Алмазбек Атамбаев экс-премьер Сапар Исаков пен Бішкектің бұрынғы әкімі Кубанычбек Кулматовты не үшін қамауға алғаны жөнінде өзінің пікірін айтты. «Тұтқындау — бұл Сапар Исаковқа Раим (Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы төраға орынбасары Раимбек Матраимов — ред.) үшін жасалған кек, тыңдамағаны үшін», — дейді ҚСДП лидері. Оның айтуынша, Сапар Исаков Сооронбай Жээнбековтің өтініп сұрағанына қарамай, Райымбек Матраимовты қызметінен алған. «Маған Сапар 23 қарашада звондап, «Сооронбай Жээнбеков Райымды қызметтен алма деп сұрап, жалынып жатыр» деп айтқан. Сапар оның тілін алмай қойғаны үшін қамалды», — дейді экс-президент.

«Ал Кулматовты не үшін отырғызды? Себебі, ол кеден қызметін Раимның адамдарынан тазалай бастады…Естеріңізде ме, Ош кеденінде бір күнде ақша жинау он есеге өсіп кеткені? Бұл өте көп ақша. Міне солар үшін Кулматовты отырғызды — ресейлік төлқұжаты үшін емес, үкімет тапсырмасы бойынша салынған мектеп үшін емес, бұл Раим үшін алынған кек. Міне шындық», — деді Қырғызстанның экс-президенті.

Сапар Исаков пен Кубанычбек Кулматов бес ай бұрын — 5 маусымда қамауға алынған. Оларға қарсы «Коррупция», «Қызметін асыра пайдаланды» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мұнан бөлек 19 шілдеде Бішкектің бұрынғы әкімі Албек Ибраимов қамауға алынып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM