Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Жиында «Айфонның» қызығына кіріп кеткен ОҚО әкімінің орынбасары ел аузына ілікті (видео)

KAZAKBOL.COM

Кадр видеодан алынды

ОҚО әкімінің орынбасары күллі журналистердің алдында «Айфонын» шұқылап отырды деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков республикалық журналистер форумында қымбат смартфонын шұқылап отырды.

Шымкентте өткен форумға жергілікті және респубилкалық деңгейдегі БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ашып беріп, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты тұшымды ойларымен бөлісті.

Төрде отырған аймақ басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, өзге де жиналысы бар екенін айтып, кетіп қалды. Президиумға  оның орынбасары Ұласбек Сәдібеков отырды. Бір қызығы, танымал журналист Сраил Смаил мінберде журналистика саласына қатысты терең ойын бөлісіп тұрған тұста Сәдібеков мырза «айфонның» қызығына кіріп кетті.

Қаншалықтың маңызды хабарлама келгені бізге белгісіз, дегенмен шенеунік бүкіл журналисті өзіне қаратып қойғанын тіпті ойламаған да сияқты. Ал оның бұл ерсі әрекетін залда жиналған күллі қатысушылардың қарап отыруына тура келді.

Естеріңізге салсақ, Шымкентте өткен «Жаңа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ» атты  форумда сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  алдағы уақытта журналистерден қашпайтынын, олармен кез келген уақытта ашық пікірлесуге дайын екенін уәде етті.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM