Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкент әкімі велосипедке отырып, қаланы аралады (фото)

KAZAKBOL.COM

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов велосипедке отырды, деп xабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Фото Данат Жуминнің Instagram парақшасынан алынды

Бұл жаңалықпен алғаш болып әкімнің штаттан тыс кеңесшісі болған Данат Жумин Instagram парақшасында жазып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Экс-кеңесшінің сөзінше, Әбдіраxымов бұл арқылы жалпықалалық велоспиедті жалға беру «Shymkent City Bike» жобасына Шымкенттің дайындығын тексеруді мақсат еткен.

«Бұрынғы әріптестерім мына фотоны жіберді. Қатты қуандым. Сол үшін сіздермен бөлісіп отырмын… Шынымды айтсам, бұл мен үшін кішкентай ғана жеңіс. Шымкент басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып жүрген кезімде мен қалада велосипед инфрақұрылымын дамытуға белсенді түрде кірістім. Әлі есімде, бір кездері әріптестерім шымкенттіктер ешқашан велосипедке отырмайды деп жеңістік бермеген еді. Сол кезде жүрегіммен «әлі көресіңдер, әрине, отырады және ең бірінші болып әкімнің өзі жасайды оны» деп қуана айттым… Ал олар менің сөзімді күлкіге айналдырды. Енді келіп олар меніңкі дұрыс болғанын айтып, түрлі смайликтер жіберіп отыр. Осы қалпыңыздан таймаңыз, Ғабидолла Раxматоллаұлы!», — деп жазды Жумин.

Айта кетейік, Шымкент әкімі қыс ауасында күн жылынса жұмысқа велосипедпен баратынын уәде етіп, көпшілікті таң қалдырып еді. Алайда ол уәдесін қала басшысы әлі орындай қойған жоқ.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM